• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Жүйрік ат, алғыр қыран, ұшқыр тазы...

588 рет
көрсетілді

Жақында «Саят» ұлттық спорт түрі бойынша «Ең алғыр қыран» атты құсбегілердің республикалық жарысы болып өтті. Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылында өткен құсбегілер бәсекесіне Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Аты­рау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысынан 25 бүркітші қатысты. Бәсекеде ақтөбелік Қозыкөрпеш Майдәулетұлы «Ең алғыр қыран» иесі атанды. Ол бүркітті шақыру, шырға тарту, түлкіге салудан алдына саятшы сал­дыр­мады. Екінші орынға алматылық Қуаныш Исабеков, үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысынан келген құсбегі Бағдат Кеуенов ие болды. Ал қаршыға салуда жамбылдық жас саятшы­лар­дың бағы жанды. Жамбыл ауданындағы Өрнек ауы­лын­да тұратын Бауыржан Ешметов атты қария ата-баба өнерін ұрпақтарына жалықпай үйретіп жүр екен, жеңімпаз да, міне, солар болып шықты. Жас саят­шылар Шернияз, Тұрнияз және Ғазизхандар атасының саятшылық өнерін өте шебер меңгеріп алыпты. Ғазизханы, тіпті, 6 жасқа енді толыпты. «Саят» ұлттық спорт түрі бойынша дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан құсбегілер бәсекесінің басты мақсаты – ұлттық саятшылық өнерін қайта дамыту болып табылады. Өйткені, халқымыздың салт-дәс­тү­ріне берік орныққан саятшылық өнердің бұқаралық сипат алуы бүгінгі жаһандасу дәуірінде өте маңызды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған құсбегілер жарысының қорытындысы бойынша же­ңім­паздар мен жүлдегерлерге Туризм және спорт ми­нистрлігінің дипломдары мен медальдары салтанатты жағдайда табыс етілді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы.