• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Қазақстан Сирияға гуманитарлық жүк жеткізді

383 рет
көрсетілді

Сирия Араб Республикасының Тартус портына Қазақстаннан жөнелтілген гуманитарлық жүк жеткізілді. Сириялық билікке жүкті Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай тапсырды. Кейбір араб ақпарат көздеріне қарағанда, Сириядағы қантөгіс соғыс 400 мыңнан астам бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Гуманитарлық жүкті жеткізуге РФ Қорғаныс министрлігі көмектескен көрінеді. Тартус портына кеше жеткен кемеден жүкті түсіру жұмыстары бүгін басталды. Қазақстаннан жеткізілген контейнерлерде ұн, ет өнімдері, макарон және басқа азық-түлік тауарлары тиелген. «Халықаралық қоғамдастық тарапынан жасалып отырған қолдауға қарамастан, гуманитарлық ахуал әлі де түзелген жоқ. Осыған байланысты ҚР Президенті Н. Назарбаев Сирияға азық-түлік туарлары түрінде гуманитарлық көмекті жөнелту шешімін қабылдады», - деді Елші А. Бердібай сириялық делегациямен кездесу барысында.   Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Иордания мен Ливан үкіметіне босқындағы Сирия азаматтарына көмек ретінде 400 мың АҚШ долларын бөлген болатын. Сонымен қатар 2015 жылдың қазанында сириялық оппозиция өкілдерінің келіссөзінің аяқталған кезінде Астанада сириялықтардың дәрі-дәрмек пен азық-түлік алуы үшін 300 мың еуро гуманитарлық көмек көрсету туралы Меморандумға қол қойылған еді.