• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Шүменов: Кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын

317 рет
көрсетілді

WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы Бейбіт Шүменов кубалық Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жекке дайындалуда. Өзінің инстаграм парақшасында қазақстандық боксшы кезекті жаттығу жұмысынан үзінді жариялады. «Жаттығу жұмыстарымның қорытынды бөлігі. Екі жігітпен ойдағыдай спарринг өткіздім. Деңгейім күн санап жақсарып келеді. Кез келген уақытта, кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын. Шектеу қоймаймын», – деп жазды Шүменов. Айта кетейік, қос спортшының арасындағы кездесу ақпан айында өтеді.  

Finishing part after great sparring session with two guys! Every day getting better! Ready to fight anytime! NO LIMITS!

Видео опубликовано Beibut Shumenov (@beibutshumenov) Янв 5 2017 в 6:15 PST