• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2017

Ертіс өзенінің үстінен жаяу өтпе жолдар ашылды

435 рет
көрсетілді

Жыл сайын қысқы кезеңде Ертіс өзенінде мұз өткелдері және жаяу өтпе жолдар салынады, деп хабарлайды ТЖК-ның сайты. Биыл ресми түрде Ақтоғай, Ертіс, Лебяжи және Май аудандарында төрт мұз жолы аудан әкімдерінің өкімдеріне сәйкес ашылды. Ертіс ауылында мұз өткелі паромдық өткелдің орнында орналасқан, мұздың қалыңдығы 49-55 см, Ақтоғай ауылында жағажай ауданында орналасқан мұздың қалыңдығы 54 см. Облыстың басқа аудандарында мұз өткелдерін ресми ашуға әзірше рұқсат жоқ. 2017 жылы қаңтарда Железинка ауданының үш ауылдық округінде (Железинка, Башмачинск және Прииртышск) ашық мұзды өткелдер ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта ауа температурасының өзгеруінен барлық өткелдер негізінен жаяуларға және шаналарға арналған, ал автокөліктердің салмағы 2,5 тоннадан аспауы керек. Мұздың беріктігіне және оның қалыңдығына қарамастан, мұз өткелдерімен жүргенде өте абай болған жөн. Өткелдің үстімен жүру барысында көліктің жылдамдығы сағатына 10 шақырымнан аспауы керек. Мұз өткелімен жүрген кезде көліктің есіктері ашық, қауіпсіздік белбеулері шешулі болуы қажет. Көліктің жолаушылары өзенді жаяу кесіп өтеді. Бір мезгілде екі автокөлік қозғалса, өткелге кірген кезде көрсетілген арақашықтық қатаң түрде сақтау қажет.