• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2017

Туризм комитеті Тайландта жүрген қазақстандықтарға сақ болуға кеңес беруде

308 рет
көрсетілді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм комитеті Тайландта жүрген қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, Тайландтың Самуи аралында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан жолдар судың астында қалып, жергілікті әуежайдан ұшатын бірқатар рейстердің ұшуы тоқтатылды. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының xабарлауынша, ауа-райының күрт бұзылып кетуінен 700 мыңнан астам адам зардап шегіп, 12 адам қайтыс болды. «Біздің ақпаратымызға сәйкес, Самуи аралында жүрген қазақстандық туристер көп емес. Олардың барлығы туроператорлармен тікелей байланыста. Жақын күндері ол жерде күн ашылады деген болжам бар. Дегенмен, Самуи аралында жүрген отандастарымызға аса сақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береміз. Дүрбелеңге бой алдыртпай, жергілікті биліктің барлық нұсқауларын орындауға шақырамыз. Біз Тайландтың оңтүстігіндегі жағдайды бақылап, сыртқы істер министрлігімен тікелей байланыс ұстап отырмыз», - дейді туризм департаментінің басшысы Марат Иғали. Сондай-ақ департамент Тайландқа жолда сататын туристік фирмаларды ол жердегі метеорологиялық жағдайды жіті қадағалап, ауа-райының бұзылуы жайында туристерді шұғыл түрде xабардар етуге үндеп отыр.