• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Максимовичке байланысты «Астанаға» ресми ұсыныс жасалмаған

284 рет
көрсетілді

«Астана» мен Испанияның «Валенсия» командалары Неманья Максимович трансфері жөнінде ресми түрде келіссөздер жүргізбеген. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Қазіргі уақытта Максимовичтің өзге клубқа ауысқандығы туралы ешқандай құжатқа қол қойылған жоқ. Бұл іс жүзеге асқан кезде ресми түрде өз сайтымызда хабарлайтын боламыз», – деді «Астананың» баспасөз қызметі. Бұған дейін 21 жастағы серб ойыншысы «Валенсия» ұжымымен алдын ала уағдаласқан. Оның «Астанамен» жасалған келісімі осы жылдың маусым айында аяқталуына байланысты елордалықтар бұл трансфер үшін 300 мың еуро ғана алуы мүмкін.