• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Байсуфинов пен Исламхан ФИФА үздіктерін анықтауда кімдерге дауыс берді?

368 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2016 жылдың үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын анықтау мақсатында жүргізілген дауыс беру нәтижелерін жариялады. Бұған ұлттық құрама капитандары мен бас жаттықтырушылары қатысты. Қазақстан атынан бұл іске Талғат Байсуфинов пен Бауыржан Исламхан атсалысты. Ұлттық құрама жаттықтырушысы бұл атаққа Лионель Мессиді лайық деп атаса, Португалия капитанын екінші, ал «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффонды үшінші орындарға қойды. Бауыржан Исламханның үштігі мынадай: 1) Андрес Иньеста, 2) Месси, 3) Роналду. Дегенмен, «Реал» футбол клубы мен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 34.54% дауыспен үздік ойыншы атанды. Бұл көрсеткіш бойынша Мессиде – 26.42%, Гризманда – 7.53%. Сонымен қатар, жыл жаттықтырушысын анықтауда Байсуфиновтің пікірі бойынша бірінші – Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), екінші – Фернанду Сантуш (Португалия ұлттық құрамасы), үшінші – Диего Симеоне («Атлетико»). Ал Исламхан Хосеп Гвардиоланы, Зинедин Зиданды («Реал»), Диего Симеонені мықты деп атады. Айта кетейік, бұл атаққа «Лестер» футбол клубымен ағылшын премьер-лигасында топ жарған Клаудио Раньери ие болды.