• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 08:58

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

0 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі саладағы деректердің анықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Е-АӨК» платформасын құруды жоспарлап отыр. «Е-АӨК» жобасын 2028 жылға дейін толыққанды іске асыру межеленген болатын.

Бұл платформа болашақта саланың барлық ақпараттық жүйелерін біріктіріп, деректерді сақтауды орталықтандыру барысын қамтамасыз етеді. Соның негізінде салалық көрсеткіштерді кешенді әрі үздіксіз мониторингтеуге мүмкіндік беретін дамыған BI-талдау жүйесі қалыптастырылады. Бұл жүйе субсидиялау және мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) бақылауға, сондай-ақ уақтылы әрі негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті жедел және талдамалық есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Платформаны құру барлық қатысушы үшін бірқатар артық­шылық та ұсынады деп күтілуде. Мәселен, мемлекет өз кезегінде өндіріс, субсидиялау және инвести­циялар бойынша сенімді талда­малық базаға ие болады; фермерлер әкімшілік жүктемені азайта отырып, қызметтер мен қаржы­лық құрал­дарға қолжетімділікті жеңіл­детеді; ал қаржы секторы тәуе­келдерді бағалау мүмкін­діктерін кеңейтеді.

Мемлекет деректерге бақы­лау­ды сақтайды, ал барлық шешім­дер Қазақстанның заңна­масына сәйкес­тендіріліп, технологиялық бейта­рап­тық пен бәсекелестік қағидаттарын ескере отырып қабылданады.

Платформаны құру жұмысы салалық мамандар мен негізгі қатысушылардың қажеттіліктерін ескере, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 

Соңғы жаңалықтар