• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Алматы оқушылары Универсиадаға байланысты 10 күн демалады

280 рет
көрсетілді

Алматыда өтетін 28-інші қысқы Универсиада ойындарына байланысты қаладағы 218 мың оқушы кезектен тыс демалатын болды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. «Алматыда санаулы күндерден кейін Дүниежүзілік қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оңтүстік астана бұл жарысқа жан-жақты дайындалып жатыр. Дайындық білім беру саласын да сырт айналып өтпеді. Атап айтсақ, Универсиада ойындарына байланысты Алматы қаласының оқушылары үшін 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі», - делінген хабарламада. Халықаралық жарыстар кезінде осындай шаралар өзге елдерде де қолға алынған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалысқа шыққан оқушылар дүниежүзілік студенттер жарысын өздері барып тамашалай алады. «Алматы қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бұл қосымша каникул Наурыз мейрамы күндеріне әсер етпейді. Алматыдағы оқушылар Қазақстанның басқа оқушыларымен бірдей 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында оқуын жалғастырып, 1 сәуірде оларға тоқсандық бағалар қойылады. 4 сәуірде 4-ші тоқсан басталады»,-деп нақтылады дереккөз. Хабарланып отырғандай, бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақтар кестесіне әсер етпейді. Айта кетейік, Алматыда 201 мектеп бар, онда 218 мың оқушы білім алады.