• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Кеш қалып жүрмейік немесе Балқаш көлінде балық азайып, ал Зайсан көлінде мүлдем жоғалып барады

389 рет
көрсетілді

Біздің депутаттық сауалымызға еліміздегі балық шаруашылығы саласында қалыптасып отырған ахуал негіз болып отыр. Бұл саладағы проблемалар бұрын да депутаттық сауалдарда көтерілген болатын, алайда біздің сайлаушылар тарапынан жиі көтерілуіне байланысты осы мәселелердің тағы да мұқият қаралғанын қалаймыз. Сайлаушылар өз өтініштерінде біздің су қоймаларында, атап айтқанда, Балқаш көлінде балық күннен-күнге азайып бара жатқанына, ал Зайсан көлінде балық мүлдем қалмағанына шағымдануда. Бұл көлдерде ұзына бойы қытайлық аулар тартылған, онда тіпті ұсақ балықтың (шабақ­тың) өзі өліп қалады. Мұндай ауларды пай­да­лануға тыйым салынған, бірақ осыған қара­мастан, балық қорғау органдары тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі салдарынан олар­ды қолдану іс жүзінде тоқтатылмай отыр. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігіне мынадай сауалдар бағыттаймыз: 1. Балқаш және Зайсан көлдерінде балық ау­лау­дың ғылыми негізделген лимиті қол­даныла ма? 2. Аталған көлдердегі соңғы 10 жылдағы балық қорының динамикасы қандай? 3. Осы су қоймаларында балық ресурста­ры қорларының қалпына келуіне мүмкіндік туғызу үшін оларда кәсіптік балық аулауды толығымен немесе ішінара шектейтін уақыт жетті ме? Осы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі қандай шаралар қабылдауда? Ерлан НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс депутаты.