• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Қаңтар, 2017

Сағынтаев Канаданың парламенттік делегация өкілдерімен кездесті

5483 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қауымдар палатасының Сыртқы істер және халықаралық даму комитетінің төрағасы Роберт Нолттың басшылық етуімен, Канаданың парламенттік делегациясымен кездесуі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Канаданың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі, соның ішінде ауылшаруашылығы, аграрлық өнеркәсіп, мәдени-гуманитарлық байланыс, азаматтық авиация, аэроғарыш және әскери-өнеркәсіптік салалардағы мәселелері талқыланды.

Кездесуде басты назар 2016 жылы құрылған Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесі аясындағы екі елдің бизнес-құрылымдарының өзара іс-қимылына аударылды. Тараптардың пікірінше, кеңес қызметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді. Премьер-Министр Канаданың Қазақстанның маңызды серіктесі екенін айтып өтті. Екі елдің де жаһандық экономикалық сын-тегеуріндерді еңсерудегі әрекеттері инфрақұрылымға инвестициялардың өсуі мен өңірлік және жаһандық экономикалық ықпалдастықты есепке алғанда сәйкес келетінін айтты.