БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 6-бабының 13) тармақшасын және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 38-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндіру қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi Экономикалық даму және сауда министрi ______________ А.Күрiшбаев. _____________Ж.Айтжанова. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 255 бiрлескен бұйрығымен бекітілген нысан Биоотын өңдіру қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер үшiн тексеру парағы Органның атауы _________________________________________________ ____________________________________________________________________ Тексерудi тағайындау туралы акт _______________________________________ (№, күнi) Субъект атауы _______________________________________________ СТН (БСН, ЖСН) ____________________________________________________ Субъектiнiң орналасқан мекен-жайы_____________________________________ ____________________________________________________________________ № Талаптардың тiзiмi Қойылатын талаптарға сәйкестiгi* Қойылатын талаптарға сәйкес еместiгi** 1 Биоотынға кейiннен қайта өңдеу үшін қолданатын тамақ шикiзатына арналған квота нормаларын сақтау 2 Биоотын өндірісі кезінде қолданатын тамақ шикізаты (бидай сыныбы) 3 Биоотын өндірісі бойынша сол бір зауытта биоотын өндірушілердің санының сәйкестігі 4 Биоотын өндірісі паспортының болуы 5 Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы (оның жөнділігі) 6 Шикізаттың генетикалық түрлендiрiлген көзi (объектiсi) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендiрiлген көздердi (объектiлердi) қамтымайтындығын растайтын, олардың қауiпсiздiгiн ғылыми негiзді расталған және мемлекеттiк тiркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы * - қойылатын талаптарға сәйкестігі жағдайында «+» белгісі қойылады; ** - қойылатын талаптарға сәйкес еместігі жағдайында «-» белгісі қойылады Тексерудi жүргiздi _____________ ___________ ______________ (лауазымы) (аты-жөн) (қолы) Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың нөмiрi мен күнi көрсетiледi (20 ____ жылғы «____» ___________ (№ _____) Тексерудiң қорытындысымен таныстым (келiсемiн/келiспеймiн) _______________________ __________________ (аты-жөні) (қолы) «______» _______________ 20____ жыл Тексерiлген объект _____________________ тексеру қорытындысы бойынша (объектiнiң атауы) келесi объектiлер санатына ауыстырылады («+» белгiсiмен белгiлеп қою): жоғарғы дәрежедегi тәуекел орта дәрежедегi тәуекел аз дәрежедегi тәуекел - - - Органның лауазымды тұлғалары: _____________________ ____________ _____________________________ (лауазымы) (қолы) (аты-жөні) _____________________ ____________ _____________________________ (лауазымы) (қолы) (аты-жөні) Органның басшысы: _____________________________________________ _______________ (аты-жөні, лауазымы) (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6729 болып енгізілді.