• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Ардагерлер ойларын ортаға салды

383 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде 3 сәуір күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Мемлекетіміздегі ең лауазымды қызметке үміткерлер алыс елді мекендерден бастап, халық топтасқан орталардағы сайлаушылармен кездесу өткізіп келеді. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының облыстық бөлімшесі Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері арасында кездесу ұйымдастырды. Жиында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы об­лыс­тық комитетінің бірінші хат­шысы, бюро мүшесі Магеррам Магеррамов саяси науқанның мақсаты мен атқарылатын жұ­мыс­тар жайлы баяндады. Мә­се­лен, өңірдегі халықтың әлеу­мет­тік-тұрмыстық жағдайларын жақ­сартудағы атқарылған жұ­мыс­тарға тоқталып, тәуелсіз елі­міздің 20 жыл ішіндегі  қол жеткізген табыстарын жүйелеп ай­тып өтті. Өз кезегінде ардагерлер де ой­ларын ортаға салып, биліктің жұмысын пәрменді етудегі қо­ғам­дық ұйымдардың қосатын үле­сін арттыру қажеттігін жеткізді. Коммунистік халықтық партия атынан президенттік сай­лау­ға түскен Жамбыл Ахмет­бе­ковтің сайлауалды тұғырнамасы да талқыланды. Өйткені, кешегі кеңестік кезеңде өмір сүріп, еңбек еткен аға буын коммунистік идеяның артықшылықтары мен өзгешеліктерін ұмытпаған­дық­тарын байқатты. Халық арасында әлеуметтік әділдік ұранымен еңбек етіп, көптеген ізгі мұраттарды мақсат еткен партияның жолын ұста­нушылар бар екені түсінікті. Осын­дай сайлаушыларға арқа сүйеген коммунистер алдағы сайлауда өз жақтастарының са­нын арттыруға үмітті. – Ең негізгісі – егемен елімізде демократия принциптерін ұл­ғайтатын, халықтың жарқын болашағына бастаған игіліктер жет­кілікті, – деді Магеррам Ма­медұлы. Өзіміздің белсенділігіміз арқылы елімізде жүргізілген жұмыстарға ықпал етіп, алтын көпір болуға ұмтыламыз. Сон­дықтан, ертеңгі болатын сайлауда баршаның азаматтық таңдау­ларын жасауы міндетті. Ардагерлер еліміздің бола­ша­ғын айқындайтын сайлауға бір кісідей қатысатын болып тар­қады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.