Өскеменде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовті жақтаушылар акция өткізді. Онда әлеуметтік зерттеу жүргізушілер халықты «Экологияның Өскемен қаласындағы орны» туралы сауалдамаға тартты. Жауап берген 500 респонденттің барлығының жауабы бір жерден шықты. Олар экологияны жақсарту үшін тазарту қондырғыларын орнатып, ағаштар отырғызып, ядролық қалдықтар сақтайтын банк құрмай, зардап шеккендерге өтемақы төлеу қажет, жалпы экологияны түзеу үшін қаржылық қолдауды күшейту керек, дейді.
Акцияны жүргізуші «Табиғат» экологиялық одағы бүгінгі қоғам ертеңгі ізбасарларына таза табиғат қалдыруы тиіс. Ал зерттеу жүргізуіміздің себебі – қаладағы экологиялық жағдайға қоғамдық табиғат қорғау ұйымдарының тигізер әсерін білу және Өскемендегі экологиялық жағдайды жақсартуға қажетті ұсынымдарды әзірлеу, дейді ұйымдастырушылар.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.