• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Кеңестің кезекті отырысы

317 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңестің отырысында «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бой­ынша өзгерістер мен толық­т­ы­ру­лар енгізу туралы» Заңның жо­басына қатысты мәселе қаралды. Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүр­гізуді әрі қарай жетілдіру жө­нін­дегі шаралар туралы мәселе қа­растырылды. Аталған мәселелер бойынша Экономикалық және сыбайлас жем­қорлықпен күрес агентті­гі­нің және Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің, сондай-ақ Қазақстан Республи­ка­сы Бас прокуратурасының ақ­параттары тыңдалды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің өткізген отырысының ұсыныстары Қазақстан Респуб­ли­касындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қа­рай жетілдіруде ескерілетін бо­ла­ды, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Әкім­шілігі Мемлекеттік-құқық бөлімі.