• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Қолжетімді үйлер көбейе түспек

348 рет
көрсетілді

Қазақ «өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп бекер айтпаса керек. Өйткені баспана мәселесі қай уақытта бол­ма­сын үлкен рөл атқарады. Ақ­пан айында Үкіметте елдің ертеңі саналатын жастар мен қарапайым бұқара қол жеткізе алатын, бағасы тиімді үй­лер­ді салуға байланысты жаңа бағдарлама қабыл­данған болатын. Міне, осыған орай кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  тұрғын үй құрылысын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы және жаңа ереже бойынша салынып жатқан «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде болды. Елбасы алдымен жаңа бағ­дар­лама бойынша жүргізіліп жат­қан жұмыстар туралы стендімен танысты. Одан соң бағдар­ла­маның жүзеге асырылуы ту­ра­лы Астана қаласы әкімі Иман­ғали Тасмағамбетов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ бас­қарма төрайымы Нұрбибі Наурыз­баева, «А.S.I» инвестициялық құрылыс компаниясының бас­шы­сы Сергей Котляров баяндап өтті. Пәтерге ие болған астана­лықтарды Елбасы баспаналы болуымен құттықтай келе, тұр­ғын үй құрылысын дамытудың жаңа бағдарламасына қатысып жатқандармен пікір алысты. Егер Жолдауда көрсеткендей, бас­паналы болудың жаңа бағ­дар­ламасын ұсынбай, ештеңе бітірмей қарап отыра берсек, онда өткен жыл көрсеткішінің жарты­сынан да аз пәтер салынатын еді, деді Президент әңгіме бары­сында. Баспаналы болғандардың бірі үш жыл бұрын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салын­ған депозиті арқылы пәтердің  жарты құнын жинап, қалғанын банктен қарызға алып, жаңа үй сатып алуға қол жеткізгендігін айтты. Ал екінші бір кісі өзінің мұғалім екендігін жеткізіп, бас­панаға қол жеткізгеніне қуа­ныш­­ты екенін айта отырып, алғысын білдірді. Президент тұрғын үй құры­лы­сын дамытудың жаңа бағдар­ламасын жүзеге асыру үшін республика бойынша мемлекеттен 670 млрд. теңге қаралып, оның 93 млрд. теңгесі Астанаға бөлін­гендігін атап өтті. Мұнда келген себебім, Астанада ғана емес, Қа­зақстан бойынша қандай жұ­мыс­тардың жүзеге асып жатқан­ды­ғын көрсету. Бағдарлама ту­ра­лы ой маған мемлекеттің мүм­кіндігі барлығынан туындады. Егер біздің экономикамыз мұны алып кете алмаса, бастамас едік. Қазынамызда қаржы болмаса не істер едік? Қазіргі таңда банк несиелерінің 18 %-бен берілетіні белгілі. Бұл банктің қалауы емес, рыноктың нәтижесі. Ақша­ның құны сондай. Ал мұны азаматтарымыз түсінбей отыр. Сон­дықтан осындай бағдарлама жасап шығардық. Сіздер төмен пайызбен үй алудамыз дейсіздер, қалған 10 %-ды мемлекет тө­леп отыр. Әйтпесе мұндай төмен пайызбен банктер құр­дым­ға кетеді. Жаңа бағдарламаның үш ба­ғы­ты бойынша елімізде 6 млн.шаршы метр пәтер салынады. Осылайша жобамен 350 мың отбасын немесе 1 миллиондай адамды өз баспанасымен қам­та­масыз ете алатындай әлеует бар. Көптеген жұмыс орындары ашыл­­мақ, жалақы алатын бола­ды, ал құрылыс материалдарын жеткізетіндер табысы өз алдына бір бөлек. Міне, бұл әрбір қа­зақ­стандыққа деген әлеуметтік қам­қорлықтың көрінісі. Бұл мем­лекет жасап жатқан үлкен мүм­кіншілік деп санау керек. Осы қарқынмен дамитын болсақ, келешекте тұрғын үй мәселесін шешіп алатын боламыз. Бұл әсі­ресе жастарға, мамандарға, мемлекеттік қызметкерге қолайлы, қолжетімді. Жыл ортасынан бастап бюджет саласы қызметкері­нің жал­ақысы 30 пайызға көбей­ті­леді. Бұл үлкен мүмкіндік, деді Елбасы. Жаңа бағдарламада тұрғын үй құрылысына мемлекеттік қол­даудың үш бағыты анықталып отыр. Оның бірі, тұр­ғын үй құ­рылысы үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалану, екіншісі, құрылысты қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру және инженерлік коммуникациялар салу болып отыр. Алғашқы бағытты пайдалану арқылы тұрғын үй салу еліміздің барлық өңірлерінде бас­талып та кетті. Эконом са­нат­тағы тұрғын үй құрылысын несиелеу бойынша Алматы қала­сын­да салынатын тұрғын үй пә­терлерінің шаршы метрі  142 500 теңгеден болса, Астана мен Ақтау қалаларында 112 500 тең­геден аспайтын болады. Ал өзге өңірлерде салынатын жаңа үй­лер­дің шаршы метрі 90 мың теңге көлемінде болады, дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі­нің атқарушы директоры Данияр Тойбаев бізбен әңгіме­сін­де. Бағдарлама бойынша, 3 жыл ішінде 13 мыңнан астам пә­тер пайдалануға берілмек. Бас­тап­қы жобаларды жүзеге асыру үшін биылғы жылға бюджеттен 28,8 млрд.теңге бөлінді. Келесі жылы бюджетке  32 млрд.тең­геге ұсыныс берілетін болады. Бұл қаржы 2012 жылы 300 мың шаршы метр несиелік тұрғын үйді пайдалануға тапсыруға мүмкіндік береді. «ИСК «A.S.I» ЖШС инвести­циялық құрылыс компания­сы­ның басшысы Сергей Котляров­тың айтуынша, салынып жатқан «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде жаңа бағдарламаның барлық бағыты көрініс тапқан. Мұнда мемлекеттік баспана, жинақ банкі жүйесі арқылы салынған пә­тер­лер, депозиттік жинақ бой­ын­ша және инженерлік инфра­құрылымды дамыту бойынша да үйлер салынып жатыр. Бұл нысан бүгінгі күні ең таңдаулы, дайындығы, көрсеткіші жоғары үй болып отыр, деді ол. Президент арнайы келіп көрген «Жаға­лау-3» тұрғын үй кешенінің құ­рылысы 2010 жылы басталған бо­латын. Ал пайдалануға беру межесі биылғы жыл еншісінде. Ке­шенде 2 мыңнан астам пәтер бар. Баспанаң болса, алаңсыз тірлік кешетінің аян. Отбасы жы­луын сезініп, үйдің берекесін келтіру үшін пәтерің болу үлкен рөл атқарады. Ал осы баспана мәселесі шешімін тапқан уа­қытта әрі мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде бас­паналы болуға ықыласты жан­ның игілікті бағдарламадан қа­пы қалмағаны жөн. Венера ТҮГЕЛБАЙ. ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.