• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Елдіктің үлгісі шешуші сәтте көрінеді

386 рет
көрсетілді

Маңдайдан теріңді там­шы­латқан  еңбек адамды қай заманда да  шапағатқа бөлейді.  Жас кезімде Мәскеуде, Кре­мль­дің төрінде  ылғи жақсы-жайсаңдармен қатар отырып, өзімнің қазақ деген  халықтың қызы екенімді  кеудемді кере мақтаныш тұтар едім. Ал еліміздің тәуелсіздігі болмаса халқымыздың тұсаулы аттай екенін мен кейін түсіндім.  Осы­дан 20 жыл бұрын Қа­зақ­стан тәуелсіздігін алғанда на­ғыз бостандықтың, азат­тық­тың тынысты кеңейткен сама­лын сезіндік.  Өмірге, саяси, мәдени құндылықтарға  көз­қа­рас өзгерді.  Бұрынғыдай жо­ғарыға, Мәскеуге қараған жалтақтық  пен біз үшін біреу шешім қабылдайтын масылдық психологиядан, мінезден арыл­дық.  Еліміз экономикасы жи­ыр­ма жыл ішінде  дамып қана қойған жоқ,  дүние жүзіндегі  мойны озық елдерге  Қазақ­стан деген жас мемлекетті мой­ындатып та  үлгердік.  Өт­кен жылы  еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тас­тық ұйымына  төрағалық етті. Он бір жыл үзілістен кейінгі саммиттің Астанада өтуі  Қа­зақстанның беделін  бұрын­ғы­дан да арттыра түсті және ха­лықаралық саясаттағы оның  тұғырлы орнын да белгілеп берді.  Мұның барлығы да қа­сиетті тәуелсіздіктің,  еркін­дік­тің арқасы. Біздің  жас мемлекет  екі он жылдың ішінде  осынша  дә­ре­жеге қалай жетті?  Ол ал­дымен жұдырықтай жұмылған бірлік­тің, ынтымақтың арқасы екені аян. Оның үстіне  үлкеннің алдынан өтпей сыйлау,  кішіні қадірлеу, ханның да, қараның да сөзіне тоқтау сияқты хал­қы­мыз­дың қанына сіңген мінезі  демо­кратияның  негізі болып табыла­ды.  Біз – демократиялық, зайыр­лы мемлекет құрып жатқан елміз. Мұны  жас тәуелсіз Қазақ­стан туралы пікір білдіріп жүр­ген әлемдегі аузы дуалы қай­рат­керлер әрқашан оң бағалап келеді. Қазір қарап отырсақ,  түрлі елдерде атыс-шабыс, ереуілдер көбейіп кетті. Олардың бейбіт халқынан маза, тыныштық кеткелі қашан. Береке болмаған соң аштық та, жалаңаштық та солар­дың басында. Жеке пенденің өмірі сияқты тұтас елдің, халық­тың да тағдыры болады.  Оның да жолы тақтайдай тегіс бола бермейді, қиындықтар кездесіп отырады. Сондай кезде елді бас­тайтын  көшбасшының, дана да, ақылды ерлердің орны бөлек екені ешкімге талас емес. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ талай қылбұрау заманда  тығырықтан халқын алып шыққан дана­ла­рын, батырларын  сол үшін ардақтап, олардың есімін ұмытпайды. Аллаға шүкір, бүгін бала­ла­рымыздың тамағы тоқ,  ұй­қысы тыныш. Білім алып,  кө­ңі­лі қалаған ісімен айналы­са­ды. Еліміздің болашағы солар екеніне кәміл сенеміз. Еліміздегі бір атаның балаларындай  татулыққа да көңілім толады. Ынтымақ пен бірліктің арқа­сында  қандай асудан да, белден де сүрінбей асып келеміз. Міне, қазір елде үдемелі ин­дустриялық-инновациялық бағ­дарлама жүзеге аса баста­ды. Күн сайын естіп, біліп отыр­ған ақпараттардан  эконо­ми­каның тамаша жетістіктеріне куә болып,  шүкіршілік етіп отырамын. Дегенмен,  қазір «кемедегі­нің жаны бір»  уақыт деп ой­лаймын. Ел басшысыз бол­май­ды.  Ал көшті алға бас­тай­тын  басшыны өзімізге таңда­тып отырған да тәуел­сіз­ді­гі­міз­дің  бізге берген артықшы­лығы екенін менің әрбір отандасым бағалайды. Президенттік сайлау да сол үшін бо­лады. Халықтың бірлігі, елдің елдігі  осындайда көрінеді. Өзін осы елдің патриоты са­най­тын әр қазақстандық  сай­лауға келіп, өзінің даусын беруі керек. Мен мұны осындай шешуші сәтте әр қазақтың, әр қазақстандықтың  мемлеке­ті­міз­дің болашағы үшін  атса­лыс­қан қызметі деп білер едім. Елдігімізбен қатар, әр­кім­нің  азаматтығы да осын­дай­да көрінеді. Сондықтан  ен­ді санаулы күннен кейін өте­тін сайлауға да жұмыла кірісейік, ағайын. Кәмшат ДӨНЕНБАЕВА, Еңбек Ері. Қостанай.