• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Менің дауысым – менің жеңісім

619 рет
көрсетілді

Күн өткен сайын еліміздің болашағын айқындайтын кезектен тыс президенттік сайлау күні жақындап келеді. Соған орай үгіт-насихат жұ­мыстары да аяқталып қал­ды. Осы ретте «Сенің дауы­сың – сенің жеңісің» тақы­рыбындағы акциялардың біз тәрізді жас сайлаушыларға беретіні мол дегім келеді. Өйт­кені, еліміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің бас­шысы, оның ішкі және сырт­қы саясатының негізгі бағыт­тарын айқындайтын ең жо­ғары лауазымды тұлға екені атап айтылған. Сондай-ақ, адам құқықтары мен бостан­ды­ғының кепілі делінген. Демек, жауапты сәтте сайлау учаскесіне міндетті түрде барып, өз дауы­сыңды беру өз мүддеңді білдір­генің болып табылады. Биылғы сайлау – менің өмі­рімдегі алғашқысы және ең ма­ңыздысы дер едім. Сондықтан да сайлауға қатысып, таңдауымды білдіруді азаматтық борышым деп санаймын. Мен ел болашағы үшін дауыс беремін. Тәуелсіз Қазақ­стан­ның, қоғамның ертеңі әрқай­сы­мызды бейжай қалдыр­мауы тиіс. Біз – бақыттымыз. Осы өмір үшін аға ұрпақтың көрген қиын­дығы жетіп-артылады. Олар жас­тардың жан-жақты білім алуы­на, бейбіт өмір кешуіне өзіндік үлес­­терін қосты. Тәуелсіз мем­­ле­ке­тіміздің іргесі нығай­ып, әлем жұртшылығы таңда­на көз тігуде. Кімнің болсын өз құқығын толық пайда­ла­нуы­­на, талап етуіне мүмкін­дігі бар. Міне, соны пайда­ла­натын сәт келді. Сондықтан да елдің ертеңі саналатын жас­тарды 3 сәуір күні бола­тын сайлауға қатысуға шақырамын. Біздің дауысымыз – біздің жеңісіміз екенін ұмытпайық. Өзім көп балалы отбасының үлкені ретінде Қазақстандағы ана мен балаға жасалған қам­қорлықты сезініп өстім. Енді соған қайтарыммен жауап бермекпін. Сайлаудағы жеңіс менің де жеңісім болатынына сенемін. Айман ЕРЖАНҚЫЗЫ, жас сайлаушы. Алматы облысы.