Жуырда YouTube видеохостингі мобильді нұсқадағы жеке мессенджерін іске қосады, - деп хабарлайды vesti.ru.
Қазіргі уақытта ол Канада тұрғындарына ғана қолжетімді. Google компаниясы өкілдерінің сөзінше, канадалықтар әлемдегі өзге халықтарға қарағанда YouTube арқылы виедоны жиірек бөліседі екен. Сонымен қатар Солтүстік Америка елдерінің интернет-нарығы өте ұқсас келеді. Осыған байланысты Канада сынақ "алаңы" ретінде таңдалды.
YouTube-ке мессенджер қызметін қосу арқылы Google компаниясы интернет пайдаланушылар тамашалаған видеосын Facebook желісіне ауыспай-ақ, компанияның қосымшасында талқылауға мүмкіндік бермек.
Чат Android және iOS құрылғыларына орнатылады. Жаңа қызметтің өзге елдерде қашан іске қосылатыны нақтыланған жоқ