• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Қылқаламнан тамған сұлулық

434 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Қорында Алматы қаласы әкімдігінің және Суретшілер одағының қолдауымен 18-31 қаңтар аралығында өтетін «Мен осы сәттің куәгерімін» атты заманауи өнер көрмесі ашылды. Көрмеге «100х100» байқауына қатысқан авторлардың еңбек­тері ұсынылған. Тұң­ғыш Президент-Елбасы Қоры ұйымдастырып отыр­ған көрменің шарты – әр сурет­шіге шеберлігін, кәсіби қарым-қабілетін, шындық пен сұлулықты көрсету мін­деттелген. Қазірдің өзінде көр­меге Астанадан, Алматыдан, Атыраудан, Қостанайдан, Қара­ғандыдан, Шымкенттен 50-ден астам жұмыс келіп түсті. «Мен осы сәттің куәгерімін» деген атау – «мен өз заманымның құрдасымын» деген оймен өзектес, өзара терең астасып жатқан біртұтас ұғым. Бұл түсінік суретшінің маңайын­дағы өмірлік сюжет­терді: отбасын, достарын, қоршаған ортаны зейін қойып қарауға мүмкіндік береді. Ал кейбір қылқалам шеберінің картиналары жаратылыстың мәніне, адамның өмірдегі және тарих кеңістігіндегі орны туралы ойларға жетелейді. Көрменің ерекшелігі, барлық суретшілердің композициясы үшін ортақ формат белгіленген. Бұл талаптың олардың мінде­тін күрделендіре түскені бай­қалады. Суретші қаламынан туған бейнелер өмірдің сұлу­лығын, құндылығын көрсетуге арналғандықтан, әртүрлі бояу­лар гаммасымен өрілген туындылар тақырыпқа аса бай. Жұрт назарына ұсынылған еңбектердің көлемі 100х100 см және Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына орай орындал­ғандығы – көрменің тағы бір ерекшелігі. Көрмеге кіру тегін. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»