• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Маңғыстау

1560 рет
көрсетілді

Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстау түбегінде жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Бәрі де жыралар, сайлар, аңғарлар, жартастармен бөлшектелген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м). Таулардың оңтүстік бөлі­гін­де Батыр аталатын ойпат бар. Бұл – Қазақстанның ең төмен нүктесі. Аталған ойпат әлем бойынша Израильдегі Өлі теңізден (- 395 м), Қытайдағы Тұрфан қазаншұңқырынан (-154 м), Африкадағы Ассаль көлінен (-150 м), Мысырдағы Каттара ойпатынан (-133) кейін бесінші орында тұр.
Соңғы жаңалықтар