• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Миссия жетекшісімен кездесті

337 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстан Рес­пуб­ликасының кезектен тыс президенттік сайлауын бақылау жө­нін­дегі ЕҚЫҰ миссиясының үйлестірушісі, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар делегациясының жетекшісі Тонино Пицуламен кездесті. Кездесуде Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ ПА мүше мемлекеттердің ара­сын­дағы қарқынды дамып келе жатқан өзара түсіністік пен ын­тымақтастықты айта келіп, өт­кен жылғы ЕҚЫҰ-дағы төраға­лы­ғы кезінде еліміздің баста­ма­ла­рына барынша қолдау көр­сет­кені үшін және екі жақты мүд­делі байланыс орнатуға жәр­дем­дескені үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде Т.Пицула был­тыр­ғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы табысты болға­нын, алда келе жатқан кезектен тыс президенттік сайлаудың да тиісті деңгейде өтетініне сенімді екенін айтты. Сонымен бірге, мейман президенттіктен үміт­кер­лердің үгіт-насихат жұмыс­тарына тоқталып, олардың сай­лауға дайындығына, халық ара­сында сайлау науқанын ашық және мөлдір өткізіп жатқанына жоғары баға берді. Осы ретте Қ.Саудабаев мей­манды президенттік сайлауға дай­ындық барысымен таныс­ты­­рып, оның халықаралық та­лап­тар­ға сай ашық, әділ түрде өте­ті­ніне сенімі зор екенін білдірді. Дастан КЕНЖАЛИН.