• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Заң ережелерін түсіндірді

294 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев Астана қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенатор түзеу мекемелерінің жұмы­сымен танысты, мекеме қызметкер­лерімен және сотталғандармен кездесу өткізіп, рақымшылық және пробация туралы заңдардың негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде әңгіме болды. «Мемлекет басшысы атап өткендей, рақымшылық жасау – ол мемлекет тарапынан жасалған ізгілікті іс. Кім қателесті, кім жаңылды, кім заңды бұзды, соларға өз жол­дарын таза парақтан бастауға мүмкіндік бердік. Біздің отандастарымызға деген мейірім, үміт және кешірім шарасы қоғамымызды сауық­тыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті. Д.Кәлетаев сотталғандармен кездесу кезінде. «Пробация туралы» Заңның ережелерін түсіндіре келіп, сенатор пробацияның екі үлгісінің енгізілуіне байланысты елімізде есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақы­лаудың сапалық тұрғыдағы жаңа жүйе­сі мен түрі жасалып жатқанын атап өтті. Ол жа­заны орындаудың біздегі жүйесін 1955 жылы БҰҰ Конгресі қабылдаған «Нель­сон Ман­дела ережелері» деп аталатын оқшау­лан­­ған­­дарға қатысты ең аз стандарттар та­лап­тарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Сенатор одан басқа, мекеме аумағындағы тұрғын жай ғимараттарында, асхана мен орта мектепте, санитарлық бөлімде бол­ды, өндіріс учаскесімен танысып, соттал­ған­дарды жеке мәселелері бойынша  қабылдады.