• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Украина Президентінің марапаты

542 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы ук­раиндықтар» заңды тұлға­лар бірлестігі кеңесінің төр­ағасы Юрий Тимощенко Ук­раина президенті Петр По­ро­шенконың жарлығымен «Ук­раина Тәуелсіздігіне – 25 жыл» медалімен марапат­талды. Осыған орай, атал­ған елдің Қазақстандағы елші­лігінде арнайы жиын өтіп, Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Вла­димир Джиджора президент аманатын депутатқа табыс етті. Дипломатиялық корпус өкіл­дері мен Қазақстандағы украин диас­порасының мүшелері қа­­тыс­қан салтанатты жиында В.Джид­жора Украина Президенті П.По­ро­шен­коның құттықтау хатын оқып, екі ел арасындағы ын­ты­мақ­тастық байланыс жөнінде сөз сөйледі. «Мен жуырда ғана өз еліміз­дегі эконо­микалық-саяси сала­да­ғы жетекші топ өкіл­дерімен кез­де­сіп, Қазақстан мен Украина арасын­дағы әріптестікті одан сайын терең­дету жайын талқыладым. Осы кезге дейін бірлесіп қолға алын­ған жұмыс, жоспарларымыз­ды жүзеге асыру жалғасын таба түсетін болады. Осы орайда, Ук­раина Президентінің Юрий Тимо­щенконы марапаттауын, Қазақ­стан­дағы украин диаспорасына көрсетілген құрмет ретінде қабылданғанын құп көремін. Өйткені, мұндай ықы­лас-пейілдер тараптарды жа­қын­дастыра түсіп, ұлттар арасындағы сүйіспеншілікті арттырады», – деді В. Джиджора. Өз кезегінде Ю.Тимощенко Ук­раина Президенті мен сенімді өкілге зор ризашылығын білдіріп, екі ел арасында қалыптасқан сая­си-экономикалық байланыстың уақыт өткен сайын жоғары көр­сет­кіштерге ие болып келе жатқан­дығын атап көрсетті. «Мен Қазақстандағы жарты миллионға жуық украин ұлты өкілдерінің атынан алғысымды білдіремін. Тағдыр талайы мен түрлі жағдайларға душар болып, Қазақстаннан дәм-тұз бұйырған украиндықтар бүгінгі таңда елдің дамуы мен өсіп-өркендеуіне шама-шарқының жеткенінше үлес қосуда. Тіпті, соңғы 5-6 жыл ішінде екі ел арасындағы байланыстар жаңаша сипат алып, ауыз толтырып айтарлықтай жемісті жобалар жүзеге асырыла бастады. Атап айтсам, «Қазақстандағы украиндықтар» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің мұрындық болуымен елдің әр өңірлерінде бірлескен кәсіпорындар қызметке кірісті. Әсіресе, газ өндірісі мен машина жасау, ауыл шаруа­шы­лығы саласымен қатар, соңғы үлгі­дегі ноу-хау техника-техноло­гиялар бағыты бойынша да тарап­тардың әріптестік аясы кең өріс алып келеді», – деді Ю.Тимощенко. Айта кетейік, этно-мәдени бірлестік ретінде қызмет көр­сететін украин ұлттық орта­лық­тарында олардың салт-дәстүрлері насихатталып, екі ел арасындағы мәдени-рухани қарым-қатынастың жандануына септігін тигізуде. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»