• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Жоғарғы сот билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша ұсыныстарын айтты

445 рет
көрсетілді

Елімізде жоспарланып отырған реформа барысында билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік жүйесі нығайтылады. Бұл туралы Алматы облысында өткен 2016 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми айтты. «Жұмыс тобының мүшесі ретінде облыс активі мен судьяларға бүгінге дейін ұйымдастырушылық отырыстың өткендігін, Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес жекелеген мәселелерді шешу бойынша тұжырымдамалық көзқарастың қалыптасқандығын айтып өтейін», - деді Қ.Мәми. Оның айтуынша, билік арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты ұсыныстарды әзірлеу барысында отандық және шетелдік тәжірибе жан-жақты зерделенеді. Жоғарғы Сот төрағасы жеткізгендей, республикалық мемлекеттік органдардың алғашқы ұсыныстары апта соңына дейін Президент Әкімшілігіне ұсынылмақ. «Мемлекеттік органдардың алғашқы ұсыныстары осы аптаның соңына дейін Президент Әкімшілігіне ұсынылатын болады.  Жоғарғы Сот күні кеше ғана алдағы реформа бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Біздің ұсыныстарымыз, ең алдымен, сот өндірісі, Үкімет, Парламент, құқық қорғау органдары мен өзге мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелерге қатысты. Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында заңнаманы әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды. Мәселен, Ұлт жоспарын орындау барысында Халықаралық қаржы орталығын құруға байланысты Қазақстан Республикасындағы құқыққа қатысты сұрақтар көтерілді», - деді Қ.Мәми. Бұдан бөлек, Жоғарғы Сот тәуелсіз сот билігінің конституциялық кепілдіктерін нығайтуға бастамашы болмақ ниетте. «Ұсынылып отырған іс-шараларды кеңінен талқылау, өкілдіктерді қайта бөлуді заңнамалық қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай облыс басшылығына, облыстық сотқа, құқық қорғау органдарындағы әріптестерімізге белсенді түрде талқылауға қатысуға шақырамын. Жұмыс тобын осы мәселелер бойынша барлық ұсыныстар қызықтырады. Ақпарат алмасу мен қарым-қатынас тетігі сіздерге жеткізілетін болады», - деп түйіндеді сөз соңын Жоғарғы Сот төрағасы. Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2016 жылғы облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысына арналған кеңесте 11 қаңтарда билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Мемлекет басшысы құрған жұмыс тобының алғашқы қадамдарына айрықша тоқталып өтті. «Осы орайда, облыс басшылығын, облыстық сотты, құқық қорғау органдарындағы әріптестерімді осы талқылауға белсене қатысуға шақырамын. Жұмыс тобына жоғарыда айтылған мәселелер бойынша кез-келген ұсыныс маңызды. Өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасу тетіктерін пысықталып, сіздерге жұмыс тәртібінде хабарланатын болады», - деді кеңеске қатысушыларға қарата айтқан сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы.