• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

2016 жылы ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылық өндірісі өсті

279 рет
көрсетілді

ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығындағы өндіріс 2016 жылы 3,2% өсті, деді Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Татьяна Валовая. Бұл туралы strategy2050.kz жазды. Ол бұл экономикалық жағдайдың тұрақтануын және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің экономикаларының өсуіне көшу мүмкіндігін білдіретін көптеген үміт арттыратын белгілердің бірі ғана екенін атап өтті. Сонымен бірге министр 2016 жылы ЕАЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ-сі 0,3% ғана қысқарса, 2015 жылы 2,5% төмендегенін атап өтті. Осы ретте ЖІӨ азаюы Одақтың екі елінде ғана – Беларусь пен РФ-да байқалған. Қалған барлық мемлекеттер экономикалық өсуді көрсеткен. Мысалы, Армениядағы өнеркәсіптік өндіріс 6,9% өскен. Татьяна Валовая экономиканың жекелеген салалары мен бөліктерін бағалай отыра, ауыл шаруашылығындағы өндірістің 2015 жылмен салыстырғанда 3,2% артқанына назар аударды. «Бұл бізге келесі жылы оң траекторияға сенім артуға негіз береді», – деп атап өтті ЕЭК өкілі. Өнеркәсіп 0,2% өсіп, өткен жылғы деңгейде белгіленген. Алайда, бұл 2015 жылғы төмендеуге қарағанда, жақсы нәтиже болып саналады. Бұдан бөлек, Одақ елдерінің макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау шараларын қабылдауы арқасында инфляция тұрақтанған. «ЕАЭО мемлекеттері ортақ экономикалық кеңістікте анағұрлым бәсекеге қабілетті болу үшін өзінің ұлттық заңнамасын жетілдіре бастады. Бұл біздің халықаралық аренадағы позицияларымыздың жақсаруына әкеледі», - деп қорытты Т. Валовая.