• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Мүлікті заңдастыруда Алматы облысы белсенділік танытқан

345 рет
көрсетілді

Мүлікті заңдастыру бойынша ең белсенді қатысушылар Алматы облысының тұрғындары болып отыр. Олар 385 млрд. теңгенің 48,7 мың  нысанын тіркеді, деп жазады LS Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Екінші орында 548 млрд. теңгенің 25,7 мың нысанын заңдастырған алматылықтар тұр. Үшінші орынды 30 млрлд теңгенің 12,6 мың нысанымен Ақтөбе облысының тұрғындары еншіледі. Мүлікті ең аз заңдастырған Батыс Қазақстан облысы. Онда 3,2 млрд. теңгенің 494 нысаны ғана тіркелген. Одан кейінгі орындарда  13,6 млрд теңгенің 691 нысанымен Маңғыстау облысы және 13 млрд. теңгенің 827 нысанымен Қарағанды облысы тұр. Тіркелген тұрғын үйлер құны бойынша 102 млрд теңгенің 11,7 мың бірлігімен Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары көш бастауда. Мүлікті заңдастыру акциясына қатыспаған адамдарды  Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың өз мүлкін тіркемеуге құқы барлығымен түсіндірді. «Қазақстандағы заңдастыру міндетті емес. Азаматтар акцияға қатысу керек пе, жоқ па деген шешімді  өз беттерімен қабылдады. Егер азаматтың елімізде және одан тыс жерлерде  мүлкі мен банктік шотында миллиондаған қаржысы болса да, оларды заңдастыру міндетті емес. Мұндай азаматтар  бұл активтері заңды экономикалық айналымда болып, оның қайдан келгені заңды болса және бұл үшін тиісті салығын төлеген болса акцияға қатысудың еш қажеті жоқ. Сондықтан өз активін заңдастырмағандардың бәрі бірдей заңға бағынбаушылар деуге болмайды»,  – дейді Мемлекеттік кіріс комитеті. нің бағалауынша, ең қымбат мүлік Алматыда. Ол орта есеппен 21,4 млн. теңге тұрады. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау (19,7 млн теңге) мен  Қарағанды  (15,7 млн. теңге) облыстары тұр. Ең арзан мүлік Павлодар облысында көрінеді. Бұл өңірде мүлік құны 1,7 млн. теңгені құрауда. Арзандығы жағынан екінші орында Ақтөбе  облысы (2,4 млн. теңге), үшінші орында Солтүстік Қазақстан облысы (2,7 млн теңге) орналасқан.