• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2017

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кірісті

432 рет
көрсетілді

АҚШ-та жаңа сайланған президент Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға шақырылған қонақтар арасында бұрынғы президенттер Джордж Буш, Билл Клинтон, Джимми Картер және өзге де танымал тұлғалар болды. Трамптың ант беру сәтін тамашалау үшін Вашингонның орталығына жүз мыңдаған адам жиналды. «Мен, Дональд Трамп, Құрама штаттардың президенті қызметін адал атқаруға және Құрама штаттардың Конституциясын қолдауға, сақтауға және қорғауға бар күшімді жұмсауға салтанатты түрде ант етемін», - деді Трамп. Айта кетейік, 70 жастағы Дональд Трамп осы ұлықтаудан кейін ресми түрде АҚШ-тың 45-ші президенті қызметіне кірісіп кетті.