• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2017

21 қаңтарға арналған ауа райы

373 рет
көрсетілді

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет». Ақмола, Солүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Алматы облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен соғады. Түнде кей жерлерге тұман түседі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-23 метрге дейін жетеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау, Қарағанды облыстарында бұрқасын, көктайғақ болып, секундына 15-23 метр жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысында бұрқасын, тұман болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.