• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2017

Түркия парламенті президенттік басқару жүйесіне ауысуды қолдайды

478 рет
көрсетілді

Түркия парламентінің депутаттары конституцияға президенттік басқару түріне ауысуды қарастыратын өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды ТАСС. Бүгін өткізілген дауыс беру нәтижесінде заңды қабылдауға 488 депутаттың 339-ы келісім берген. Бұдан бұрын, 15 қаңтарда аталған заң жобасы парламенттің бірінші оқылымында мақұлданған. Енді заң референдумға жіберіледі. «Атқарылған жұмыс үшін депутаттарға алғыс білдіремін, енді халықтың ойын білгіміз келеді», деп мәлімдеді Түркия премьері Бинали Йылдырым. Айта кетейік, Түркия Республикасы құрылғалы бері елде парламенттік басқару жүйесі болды. Ал оның орнына президенттік басқару жүйесін енгізуді қарастыратын негізгі заңға өзгерістерді Түркияның Әділет және даму партиясы енгізді. Заң референдумда қабылданған жағдайда, 2019 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер президенттің құзырын кеңейте түспек. Атап айтқанда, ол жарлық шығарып, министрлерді тағайындау құқығына ие болады.