Боранға байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақавтожол» РМК мәліметі бойынша, «Жезқазған-Петропавл» жолының 340-шақырымындағы Арқалық қаласынан бастап 595-шақырымдағы СҚО шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлері үшін жол жабық.
Сонымен қатар «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 108-260-шақырымында да көлік қозғалысына шектеу бар. Бұдан бөлек, Ақмола облысы аумағында боран салдарынан «Екатеринбор-Алматы» жолының 856-1006-шақырымындағы СҚО шекарасы мен Атбасар қаласы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бүгін таңертеңнен бастап «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 0-82-шақырымы аралығы да жабылды.