• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2017

Үндістан азаматы жазықсыз 10 жыл түрмеде отырған

285 рет
көрсетілді

Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Биджнор қаласының тұрғыны туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл түрмеде отырып шықты, деп жазды Times of India басылымы. 43 жастағы Бала Сингх кеше, 21 қаңтар күні бостандыққа шықты. Белгілі болғандай, полиция оны кісі өлтірді деген күдік таңылған туған бауыры Паппу Сингхпен шатастырып алған. «Мен жеке басымды куәландыратын құжатым болмағаны үшін 10 жыл өмірімді темір тордың ар жағында өткізуге мәжбүр болдым», – деді Бала Сингх журналистерге берген сұхбатында. Оның әділетсіздікпен жауапқа тартылуына себеп болған қылмыс 2001 жылы жасалыпты. Ол кезде полиция 4 күдіктіні ұстаған екен. Олардың арасында ағайынды Сингхтар болған. Алайда, белгісіз себептермен Паппу жауапкершіліктен құтылып кеткен. Сот тез арада істің жабылуын талап етіп, қысым көрсеткеннен кейін полиция 2006 жылы Баланы Паппу деп танып, оны бауырының орнына жауапқа тартқан. «Бізде Паппу Сингхтың бұдан бұрынғы ісінен қалған саусақ іздері сақталған. Өткен жылы оны Баланың саусақ іздерімен қосып сот-криминалистік сараптамаға жібердік. Соның нәтижесінде полицияның күдіктілерді шатастырып алғаны анықталды», – деп мәлімдеді түзету мекемесінің өкілі С.Мишра.