• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2017

Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі қамауға алынды

310 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрі Чо Юн Сун қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости. Оған президент Пак Кын Хенің билігіне қарсы өнер қайраткерлерінің «қара тізімін» жасады деген күдік келтірілген. Тізімде көрсетілген тұлғалардың қандай да бір мемлекеттік субсидия немесе басқа да қолдау түрлерінен қағылуы қарастырылған. Ол тізімге 9400-ден астам әртіс, музыкант пен мәдениет қайраткері ілінген. Сот сондай-ақ президент әкімшілігінің бұрынғы басшысын қамауға алу туралы шешім шығарды. Айта кетейік, Чо Юн Сун – қызметтік міндетін атқарып жатқан кезде ұсталған алғашқы министр. Өткен жылдың күзінен бастап Оңтүстік Кореяда президенттің құрбысы – Цой Сун Сильге қатысты жемқорлық дауы туындаған болатын. Құқық қорғау органдары оны ешқандай мемлекеттік қызметте болмағанына қарамастан, президенттің саяси шешімдерді қабылдауына әсер еткен, сондай-ақ мемлекет басшысымен жақын қарым-қатынасын пайдаланып, оңтүстіккорейлік корпорациялардан ірі көлемде пара талап еткен деген күдік келтірді.