Астаналық спортшы үстел теннисінен әлемдік турдың чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кирилл Герасименко – «ITTF World Tour» ақтық сынына өтіп, чемпион атанған Қазақстан тарихындағы алғашқы ойыншы.
Будапештте өткен үстел теннисі турнирінде жоғары спорттық шеберлік мектебінің спортшысы Кирилл Герасименко ақтық ойында 3:2 (17:15, 6:11, 6:11, 11:7, 15:13) есебімен француз Аккуза Канды жеңіп, чемпион атанды.
Алғашында Кирилл даниялық спортшыны 3-0 есебімен жеңді. Екінші ойында ол 3:1 есебімен ресейлік Саади Исмаиловты басып озды. Одан кейін бельгиялық спортшы Алегро Мартиниді 3-2 есебімен ұтты.
Әлемдік турдың жартылай финалында отандасымыз мықты қарсыласпен жолықты. Ресейлік Константин Черновпен өткен тартысты ойында Кирилл 3-1 есебімен басым түсті.