• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2011

Алғашқы есепті дүйсенбіде береді

395 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Хорватия парламентінің депутаты Тонино Пицула бастап келген делегация мүшелерімен кездесті. ОСК басшысы делегация мү­ше­лерін Орталық сайлау комис­сия­сын президенттік сайлауды әзір­леу мен өткізу бойынша ат­қарып жатқан жұмыстарымен та­ныстырды. Сондай-ақ сайлау нау­қанының кейбір ерекшеліктерінен, сайлау комиссияларын қа­лыптастырудың заңмен белгіленген тәртібінен, президенттікке кан­дидаттардың сайлауалды үгіт жүргізу мәселелерінен хабардар етті. Олар тарапынан қойылған бір­қатар сұрақтарға жауаптар қайтарды. Тонино Пицула ОСК басшы­лы­ғына сайлауалды шараларға жасалған жан-жақты шолу мен көрсетілген әдістемелік көмектер үшін ризашылығын білдірді. ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассам­блея­сы бүкіл ЕҚЫҰ кеңісті­гін­дегі сайлауларды байқауды мақ­сат тұтатынын атап өтті. «Делегация мүшелерінің басым көп­ші­лігінің сайлауларды байқауда ай­тарлықтай тәжірибелері бар, – деді делегация басшысы. – Қа­зақ­стандағы демократиялық үде­рістер біз үшін аса маңызды және кезектен тыс президенттік сай­лау­ды ұзақ мерзімді байқау бой­ын­ша алғашқы есепті біз дүй­сенбіде, 4 сәуір күні беретін бо­ламыз». – ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясының өкілдері Қазақстан­да­ғы барлық электоралдық науқан­дарды байқауға қатысып келеді, – деді ОСК төрағасы кездесу со­ңында. – Берген бағалары әр­қа­шан объективті болды. Біз демо­кратиялық және ашық сайлауды қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқардық. Сондықтан бар­лығымыз да сайлауды бай­қаудың адал әрі әділ болуына мүдделіміз.