Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Нұрлан Нығматулиннің АҚШ байқаушыларымен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында бірқатар мәселелер, әсіресе, алдағы президенттік сайлау мәселесі талқыланды. Штаб мүшелері және «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы сайлауалды үгіт науқаны шеңберінде елдің барлық аймақтарына барып қайтты. Штаб басшысы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтармен болған кездесулер елдің көпшілік азаматтары президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты және оның жүргізіп отырған бағытын қолдайтындығын көрсетіп отыр деп атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының барлық үгіт науқаны ашық және әділ жүргізілгенін атап өтті. Нұрлан Нығматулин Қазақстанда сайлау қатаң заңнама шеңберінде өтетіндігіне сенімін білдірді.
«Егемен-ақпарат».