Ұлы ақын Абайдың қорық-мұражайында «Шырайлы Шыңғыстау» көрме-бағы ашылды. Мұражай директоры Болат Жүнісбеков Шыңғыстау тарихи, шежірелі өлке, Абай, Шәкәрім, Мұхтардай алыптар дүниеге келген қасиетті жерді халыққа танымды-мазмұнды бағытта насихаттай білу біздің парызымыз, – дейді. Көрмені Шәкәрім университетінің биология кафедрасы ұйымдастырды. Олар музей қорына қомақты коллекция тапсырған. Бұл коллекциялық дүниелер екі жыл бойы Шыңғыстау өңіріне жасалынған экспедициялардан алынған жәдігерлер екен. Көрмені тамашалаушылар Абай туып-өскен Шыңғыстау аймағының тамаша табиғат көріністерінің куәсі болып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, этномофаунасы, орнитофаунасымен танысты.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
СЕМЕЙ