• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2011

Барлық жағдай жасалады

325 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Спенсер Оливермен кездесті. С.Оливер Қазақстанды ЕҚЫҰ-дағы жемісті төраға­лы­ғымен және Астана Дек­ла­ра­ция­сының қабылдануымен құт­тықтады. Әңгімелесуші тараптар алдағы президенттік сай­лау­дың ашық әрі әділ өт­кенін қол­дайтындықтарын мә­лім­деді. Өз кезегінде Қ. Саудабаев Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы ке­зе­ңінде Қазақстан бастама­ла­ры­на барынша қолдау көрсеткені үшін және сайлауға белсенді қа­тысып отырғаны үшін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блея­сына алғысын білдіріп, же­місті әрі толыққанды жұмыс жасауға барлық жағдай жасалатынына сендірді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.