• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Үздік офицерлер анықталды

483 рет
көрсетілді

  Жақында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Үздік батальон командирі», «Батальонның үздік штаб бастығы» және «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Үздік офицерлерді анықтауға арналған байқау олардың жыл бойғы атқарған жауынгерлік қызметтерінің нәтижесінде жүр­гі­­зілген болатын. Биыл дода­ға Ұлттық ұланның өңір­лік қолбас­шылықтарында ұйым­дастырылған байқаудың бірінші кезеңінен өткен 16 офицер қатысты. Оған қатысушыларға қойылған басты талап Ұлттық ұлан әскери қыз­метшісінің лауазымы бойынша білік­тілік талаптары мен білім дең­гейіне толықтай сай келуі болды. – Бұл байқаудың нәтижесінде, біздің сардарларымыздың дайын­­­­дық деңгейін саралауға мүм­кіндік туады. Әскеріміз үшін үздік командирлер буынын анықтап, олардың қарым-қабілеттерін одан әрі арттыру – маңызды іс. Осы арқылы ең жақсы деген мамандарымызды таңдап, әскеріміздің болашақ басшылығы үшін кадрлық резер­він қалыптастырамыз, – деп атап өтті жүлдегерлерді марапаттаған Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов. Аталған байқау соңғы үш жыл көлемінде үзбей өткізіліп келеді. Шараның негізгі мақсаты – бөлімшелердегі қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерді же­тілдіру, офицерлердің коман­дирлік дайындық деңгейін арттыру, батальон звеносы бойынша лауазымдық тұлғалардың кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру, озық тәжірибелермен алмасу, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің беделін қалып­тастыру. Осы күндері байқауға қаты­сушылар саптық, тактикалық және дене шынықтыру дайын­дықтары бойынша норматив­терді, ату және атысты басқарудан сынақтар, сонымен қатар, жалпы әскери жарғы талаптарын білуден емтихан тапсырды. Байқауда жүлделі орындарға қол жеткізген жеңімпаздар Бас қолбасшылық тарапынан дипломдар, грамоталар және ақшалай марапаттарға ие болып қана қоймай, Ұлт­тық ұланның командалық звено­сының кадрлық резервіне енгі­зіліп, жоғары лауазымдарға кө­тер­­меленіп, ұсынылатын болады. 5571 әскери бөлімінің батальон командирі майор Бағытжан Баламбаев (Алматы қаласы): – Ұлттық ұлан сапында 2000 жылдан бері қызмет атқарып келемін. 2008 жылы аталған байқауға қатысқан болатынмын. Осы жолы бабым мен бағым жанды, үздік атанып отырмын. Бас қолбасшының қолынан үздік деген марапатымды алдым. Әрине, бұл маған үлкен жауапкершілік жүк­тейді. Енді сенімді ақтауға, осы үздік межеден түспеуге, тек биік­­ке ғана ұмтылуға тырысуы­м қажет. Оған мен дайынмын, – деді. Сөйтіп, «Үздік батальон ко­ман­дирі» аталымы бойынша Б.Баламбаев үздік деп танылса, «Үздік батальон штабы бас­тығы» аталымы бойынша капи­тан Бақытнұр Тажбеков (5511 ә/б, Семей қ.) бірінші орын­ды жеңіп алды. Ал майор Кон­стантин Стрелков (6654 ә/б, Қаракемер) «Үздік батальон ко­мандирінің тәрбие және әлеу­меттік-құқықтық жұмыстар жө­нін­дегі орынбасары» аталымы бо­йынша бірінші орынға қол жеткізді. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»