• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Жастар конгресінің кеңесін өткізді

351 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, Қазақстан Жастар конгресі кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Жастар конгресінің алдағы қызметі туралы кеңес болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Д.Назарбаева жастар саясатын іске асырудағы жетістіктерді атап өте келіп, ауыл-аймақтағы және әлеуметтік ахуалы төмен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер ашу­дың қажеттігіне тоқталды. Сенатор, сон­дай-ақ, мемлекет жүзеге асыратын маңыз­ды әлеуметтік бағдарламалар мен жоба­лар туралы жастардың хабардар болу дең­гейін арттыру жайында тапсырма берді. «Жас­тар­дың өзін өзі таныту үшін жағдай туғызып, «әлеуметтік лифтілер» жасап, оларды дағ­дарыс жағдайында өмір сүруге үйрету керек», – деді Д.Назарбаева. Кеңес барысында ұйымның 2016 жыл­ғы жұмысы және әскери-патриоттық қоз­ға­лысты, мектеп спортын, жастар туризмін дамытудағы тұжырымдамалық ұсыныс­тар, сондай-ақ, Қазақстан Жастар конг­ре­сінің мерейтойлық жылын мереке­леу бағдарламасы талқыланды. Д.Назарбаева­ның пікірінше, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы жастар қызметін ақпараттық тұрғыда жария етуді күшейту қажет. «Жастарды мемлекет іске асыратын шаралар туралы хабардар ету деңгейін арттырумен қатар, әріптестер әрекетінің танымалдығын арттыру үшін ақпараттық арналарды пайдалану керек», – деп атап өтті сенатор. Кеңеске Парламент депутаттары, жастар саясаты саласына жетекшілік ететін меке­ме­лердің басшылары, Дүниежүзілік банк жоба­сының өкілдері, үкіметтік емес секторды дамыту институттарының басшылары, әскери-патриоттық тәрбие мен мектеп спортын дамыту саласындағы Қазақстан Жастар конгресінің әріптестері, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Дүниежүзілік банктің «Жастар корпу­сын дамыту» жобасына ерекше назар ауда­рылды. Осыған байланысты шараға 2017 жылғы қадамдар мен тетіктерді іске асырудың алғашқы жобалары іске асыры­латын Алматы, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары да қатысты.