• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Сырт көз сыншы

255 рет
көрсетілді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВ: – Біз үшін Астанада ұйымдастырылып жатқан бұл шара белгілі бер деңгейде тиімді болады әрі осындай процесс пікірсайыс клубын айналып өтуімізге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, Сирия үкіметі делегациясы мен қарулы оппозиция өкілдерінің Астанадағы кездесуі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің нақтыланған бағдарламалық желісі бойынша жүзеге асырылуда. АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілінің міндетін атқарушы Марк ТОНЕР: – Америка Құрама Штаттары Сириядағы дағ­дарыстың саяси шешім табуын қолдайды. Сириялықтардың жетекшілігіндегі келіссөз процесі бейбітшіліктің орнап, Сирияның бірігуінде елеулі рөл атқаратындығына сенімдімін. Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк ЭРО: – Астана процесі Сирия мәселелеріне қатысты саяси үнқатысудың негізі болады деп үміттенемін. Бұл кездесуде Сирия үкіметі мен оппозициясы өкілдері саяси өтпелі кезеңді құруы керек. Франция Сириядағы дағдарыстың дипломатиялық жолмен шешілуін жақтайды. Түркия Президентінің кеңесшісі Ялчын ТОПЧЫ: – Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана келіссөзінің қатысушылары ең алдымен қарулы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылауды жоспарлауда. Ол үшін ең алдымен тараптар Сирия аймағындағы қарулы қақтығысты тоқтату келісімін сақтауы тиіс. Бұл ретте жергілікті тұрғындарға өз мәселелерін өздері шеше алатындай жағдай тууына мүмкіндіктер берген жөн. Себебі, олар қазір оқ-дәрі салынған бөшкенің үстінде тұрғандай. Сондықтан да егер Түркия өз қақпасын ашып жіберсе, кем дегенде 3 млн босқын жайлы өмір іздеп ауа көшуі мүмкін. Сол үшін бейбіт келісімді жүзеге асыру үшін халықаралық қоғамдастықтың Астана процесіне қатысуы зор маңызға ие.