• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Жаһандық саясатқа оң ықпал ете алатын алаң

362 рет
көрсетілді

Астана процесі – Қазақстан дипломатиясы үшін айтулы оқиға. Астана өзін бейбіт реттеудің аралық кезеңі үшін алаңқай ретінде ұсынып қана қоймай, аса ма­ңызды және шетін халықаралық проблемалар бойын­ша келіссөздер өткізетін баламалы тетік тұрғы­сынан өзінің рөлін арттыруға мүмкіндік алып отыр. Қазақстан үнқатысу бастамашыларымен де және Батыс­тағы әріптестерімен де тиім­ді ынтымақтаса отырып, тең­дестірілген көпжақты сыртқы саясат жүргізіп келе жатқанының арқасында осындай құқыққа өз еңбегімен қол жеткізе алды. Және де мұны бірқатар күрделі мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жет­кізу тұрғысынан Астананы конструктивті алаң ретінде көрсете алған Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың үлкен саяси беделінің де нәтижесі деуіміз керек. Сирияаралық келіссөздермен байланысты халықаралық назардың кезекті мәрте нысаны болған Қазақстан өзінің әлемдік саясатқа оң ықпал етуге қабілетті бейбітсүйгіш мемлекет ретіндегі имиджін айғақтап отыр. Анастасия РЕШЕТНЯК, Президент жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері