• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

«Жолаушылар тасымалы» АҚ тәуліктік жұмыс режіміне көшті

436 рет
көрсетілді

Ұлттық жолаушылар тасымалы қызметі жергілікті және республикалық маңызы бар бірқатар автомобиль жолының күн райы қолайсыздығына байланысты жабылуына орай, тәуліктік жұмыс режіміне көшірілді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. «Темір жолмен жолаушылар тасымалдау көлемінің арта түсуіне байланысты жолаушыларды мақсатты орынға дер уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдануда. Жолаушылар ағыны барынша көп бағдарларға қосымша вагондар бөлінді. Мәселен, өткен демалыс күндері 60-тан астам қосымша вагон тіркеліп, 5 мыңнан астам жолаушы тасымалданды», - делінген хабарламада. Сонымен қатар компания мәліметтеріне сәйкес, жол бойында қалып қойған 1300-ден астам жолаушы Көкшетау-Ерейментау, Атбасар-Астана бағыттары бойынша электр пойызымен тасымалданған. 22 қаңтар күні ғана «Көкшетау-Ерейментау» электр пойызымен нормадан тыс 333 жолаушы діттеген жеріне жеткізілді.