• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Қашағанда «Болашақ» жерүсті кешенінің құрылғысы сынақтан өтті

454 рет
көрсетілді

Қашаған теңіз кен орнында мұнай өндірісін қайта бастау алдында «Болашақ» мұнай және газ дайындау қондырғысы сынақтан өтті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. «Мұнай өндірісі тоқтап тұрғанда, «Болашақ» жерүсті кешенінің барлық жабдығы консервация жағдайында тұрды. Мұнай өндірісі қайта жаңғыртылғанда, жабдықтар мен құбыр желілерін техникалық тексерістен және сынақтан өткізу бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Құбырларды одан әрі пайдалану техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы алдын алу жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес іске асырылатын болады», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, «Болашақ» жерүсті кешені 2013 жылы, Қашаған кен орнында мұнай өндіру жұмыстары басталғанда пайдалануға берілді. Алайда, кен орнынан шикізат тасымалдайтын құбыр желілерінен ақау шығып, мұнай өндірісі тоқтап қалды. Ол 2016 жылдың қыркүйегінде қайта қалпына келтірілді. Қаңтар айының басында Қашағанда мұнайдың алғашқы миллионы өндірілді. Оның экспорт алдындағы дайындығы «Болашақ» жерүсті кешенінде жүргізілді.