• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

ШҚО-да алпысқа жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

354 рет
көрсетілді

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан құтқарушылары 60-қа жуық адамды қар басқан жолдардан алып шықты, деп хабарлады ТЖ департаменті. Жарма ауданында «Шар-Бақыршық» жол бөлігінде тұрып қалған адамдарға көмек көрсетілді. Оларды Шығыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағы көршілес Шалабай елді мекеніне жеткізіп салды. Жалпы саны 48 адам және 3 сәби құтқарылды. Жолда 16 жеңіл көлік және 7 дана жүк көлігі қалды. Сонымен бірге, ШААЖҚЖ екінші тобы «Семей-Өскемен» жол бөлгіндегі үш азаматты Привольное ауылының медициналық-құтқару бөліміне жеткізді. «Өскемен-Алматы» жолындағы жолаушылар да көмекке мұқтаж еді. ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттан-құтқару жұмыстары қызметінің» өрт сөндірушілері арнайы техникамен 3 адамды Қалбатау ауылына апарды. Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, демалыс күндері қатты боран мен жолдың көрінбеуінен бірқатар жолдар жабылған. ШҚО ТЖД қызметтері тұрғындарға жол жағдайын алдын ала ескертті.