• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2017

Республиканың екі облысында автокөлік қозғалысы тоқтады

355 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Сарыөзек-Көктал» автожолының Қоғалы ауылынан Басши ауылына дейінгі 40-80 шақырымдағы бөлігінде жүк көліктеріне шектеу енгізілді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады. Қарағанды облысында ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург-Алматы» жолының Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі 1353-1444 шақырымында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.