2016 жылы жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 444 қылмыстық істі, 67 659 әкімшілік құқық бұзушылықты және жол ережелерін бұзудың 23 953 дерегін анықтады.
Бүгінгі күні елордада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы бар.
Бұл тәртіп сақшыларының қылмыстардың алдын алу және оларды ашу бойынша жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Алда өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне орай қала маңы аумағын қамти отырып, тағы да екі мыңнан аса бейнекамера орнату жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, 80 көше қиылысында, 50 желілік учаскеде фото және бейнетіркеу кешендерін орнату көзделген.