• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Павлодарда жылына 30 мың тонна астық сақтайтын элеватор салынады

446 рет
көрсетілді

Павлодарда сағатына 60 тонна астық өндіріп, жылына 30 мың тонна астық сақтай алатын заманауи элеватордың іргетасы қаланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Бұл қойма толық автоматты жүйемен жабдықталады. Германия, Түркия және Ресей мемлекеттерінің құралдары қолданылмақ. Біздің инвестиция 2,5 миллион долларды құрады. 2017 жылдың қыркүйек айында элеваторды іске қосамыз деген үміттеміз. Шығынды бес жылда өтеп алуды жоспарлап отырмыз. Одан кейін егістік алқаптарымен айналысу ойда бар. Бұл облыста астық жыл сайын мол көлемде шығады. Өзім Павлодардың тумасы болғандықтан Астанадан келіп осы жерді таңдадым», – деді «GROUPKSM» ЖШС-нің бас директоры Әмина Қалымова. Сегіз айда салынып бітетін нысанда 30 адам жұмыс істеп жатыр. Оның 20-сы тұрақты қызметке қабылданған. Заманауи элеватор өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытып, жергілікті тұрғындардың өмірін жақсарту мақсатында бой көтеруде.