Астанада өтіп жатқан Сирия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөздердің алғашқы күні аяқталды.
«Бүгінгі келіссөз ойдағыдай өтті деп есептейміз. 2016 жылдың 29 желтоқсанында қол қойылған келісімге гарант болған үш елдің қатысумен, сондай-ақ БҰҰ хатшылығының өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ Елшісінің, САР делегациясы мен Сирия қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу аса маңызды деп бағалаймын», – деді РФ делегациясының басшысы Лаврентьев.
Оның айтуынша, Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздің қорытынды мәлімдемесінің мәтіні келісіліп жатыр. Оны бейсенбі күні қатысушыларға таныстырып, нақты бекітеді.