• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2017

Кәсіпкерліктен лайықты қайтарым күтіледі

226 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстан Президентіне Ұлттық палатаның 2016 жыл­ғы жұмысының қоры­тын­дылары, рес­пуб­ликалық биз­нес қоғамдастығының дамуы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспар­лар туралы төралқа төр­ағасы Т.Құлыбаев пен бас­­қарма төрағасы А.Мыр­­захметов баяндады. Елбасы бизнесті қол­дау жөнінде Үкімет мақ­сатты түрде тұрақты жұ­мыс жүргізіп отырғанын атап өтті. – Заңнамалық актілерге дер кезінде өзгерістер ен­гізу бағытында жүйелі жұ­мыстар жүргізілуде, тексеруші мекемелер саны қысқартылды, жос­пар­лы тексерістер тоқта­тылды. Кәсіпкерлер заң­на­малық үдерістерге бел­се­не атсалысып келе­ді, бұл елдің ішкі жалпы өні­міндегі биз­нес­тің үлесін арттыруға ық­пал етуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдегі кәсіп­керлікті дамыту үшін мем­лекет қабылдап жат­қан шараларға бизнес өкілдері тарапынан лайықты қайтарым болуға тиіс екеніне назар аударды. – Мемлекет тарапы­нан көрсетілген қам­қор­­лық пен қолдауға биз­нес­тің лайықты жауап беретін кезі келді. Аза­мат­тарды кәсіп­керлік саласына тұ­рақты түрде тартып, олардың ел эконо­ми­ка­сын­дағы үлесін арттыру үшін жұмыс жүргізу қа­жет, – деді Мемлекет бас­шысы. Палата басшылығы қазіргі уақытта шағын және орта бизнес үлесі іш­кі жалпы өнімнің 25%-ын құрайтынын, онда 3 мил­лионнан астам адам жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 2016 жылы 11,2 трлн теңгенің өнімі өнді­­рілген, бұл – 2015 жыл­ғы көрсеткішпен са­­лыс­­тырғанда 6%-ға ар­тық. Сонымен бірге, бас­қарма төрағасы Елбасы­ның тапсырмасы бойын­ша рұқсат беру және бақы­лау-қадағалау саласында ревизиялық жұмыс жүргі­зіліп жатқанын атап өтті. Оның нәтижесінде рұқ­сат беру құжаттары ай­тар­­лық­тай азайтылып, жос­­пар­лы тексерістер тоқ­та­тылды. – Бас прокуратурамен, Парламент депутат­тарымен бірлесіп, қазір ша­ғын және орта бизнес қызметінің түрлі сала­сын­дағы санитарлық-эпиде­мио­логиялық талаптарды қайта қарас­ты­ру­дамыз, – деді А.Мыр­захметов. Бұдан бөлек, Ұлттық палата басшы­лығы отан­дық кәсіпкерлердің жұ­мысын оңтайландыру және тиімдірек ете түсу үшін мобильді қызметтер қалып­тас­тыруға қатысты жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қо­ры­тындысы бо­йынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды